
Жаңа жылдың алғашқы аптасында қазақстандық көрермендердің назары түрлі жанрдағы фильмдерге ауды. Freedom Ticketon мәліметі бойынша, 1-4 қаңтар аралығында ең көп касса жинаған фильмдер анықталды.
1-орын: «Аватар: От пен күл» – үш апта бойы экраннан түспей, 700 млн теңге жинады.
2-орын: Отандық хоррор «Дәстүр теріс бата» алғашқы аптада 400 млн жинаса, екінші аптасында 247 млн теңге табысқа жетті.
3-орын: жаңадан шыққан «Чебурашка 2» фильмі – 215 млн теңге касса жинады.
Алты аптадан бері көрсетіліп келе жатқан «Аңдар шаһары» мультфильмі – 200 млн теңге табысқа жеткен. Айта кетейік, «Аңдар шаһары 2025» жалпы 2,7 млрд теңге жинап, рекорд орнатқан еді.