Байланыс тарифі неге қымбаттап жатыр – вице-министр түсіндірді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салу Қазақстандағы мобильді операторлар тарифтерінің өсуіне әкелген. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин үкімет отырысынан кейін өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

«Мұнда бірнеше жайтты атап өткім келеді. Кез келген даму инвестициялық шығындарды талап ететінін бәріміз түсінуіміз керек. Яғни осы қызметті жүзеге асыратын компаниялардың өз тарапынан жасалатын инвестициялық шығындары бар. Мәселен, 2023 жылдан бастап байланыс операторлары инфрақұрылымға 700 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Қазіргі уақытта жаңа стандарт бойынша базалық станцияларды, соның ішінде 5G станцияларын орнату белсенді жүріп жатыр. Қазір «ақтаңдақтар» мәселесін шешу үшін интернет жылдамдығы заманауи стандарттарға сай келмейтін аймақтарда антенна-мачталық құрылғылар орнатылады, – деп түсіндірді ол.

Коняшкиннің сөзінше, инвестиция құйған байланыс операторларының тарифтерді көтеруге де құқығы бар. Бірақ арнайы орган оны бақылап отырады.

«Мұнда тарифтерді бақылайтын және тиісті тексерулер жүргізуге мүмкіндігі бар уәкілетті орган бар екенін атап өту қажет. Біз бұл жерде көбінесе тұтас саланың даму драйвері және ішкі сервистер мен пакеттерді емес, байланыстың өзіндік сапасын арттыруға жауапты мемлекеттік орган ретінде әрекет етеміз. Яғни, бұл жағдайда азаматтарымызды сапалы мобильді байланыспен және сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етуіміз керек, – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Дегенмен Ростислав Коняшкин өз операторынан тарифтің көтерілгені туралы хабарлама алмаған екен. Тіпті өзі пайдаланатын тарифтік пакет құнының өскені есінде жоқ екенін де қоса кетті.

Өткен жылдың желтоқсанында Tele2 мен Altel тарифтерін шамамен 20%-ға қымбаттатты. Beeline мен Kcell бағаны 2026 жылдың басында көтеруді көздеп отыр

Сондай-ақ оқыңыз