Елена Рыбакина 2026 жылды жеңіспен бастады
Жарияланды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісін тіркеді. Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде қытайлық теннисші Чжан Шуайды айқын басымдықпен жеңді.
Кездесу барысында Рыбакина екі сетте де сенімді ойын көрсетіп, матчты 6:3, 7:5 есебімен аяқтады.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық теннисші жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Келесі айналымда Елена Мари Боузкова мен Паула Бадоса арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енген еді.