
Netflix стримингтік сервисі «Эмили Парижде» (Emily in Paris) сериалы жалғасатынын жариялады. Платформаның әлеуметтік желілерінде алтыншы маусымның анонсы бар қысқаша видео пайда болды.
Роликте басты кейіпкер Эмили смартфон камерасына қарап тұрып, «6» саны бар шамды үрлеп өшіреді. Сахна Эйфель мұнарасына көрініс ашылатын террасада түсірілген.
«Туған үйім – алтын бесігім! «Эмили Парижде“ сериалы 6-маусыммен қайта оралады!» – деп жазылған.
Тизер кадрларына қарасақ, жаңа маусым қайтадан Парижде өрбиді. Бұған дейінгі бесінші маусымда Эмили Римге барған еді. Картина 2025 жылдың желтоқсанында шықты.
«Эмили Парижде» сериалының алғашқы маусымы 2020 жылы жарық көрді. Сюжет бойынша америкалық Эмили маркетинг агенттігінде жұмыс істеу үшін Францияға көшіп келіп, жаңа қаланың өміріне, мәдениетіне және тілдік ортасына бейімделуге тырысады.