Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жекке Америкада дайындалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар / фото: kursiv.media архиві

Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалады. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Актер әрі ММА жауынгері сторисінде Майами қаласына әуе билетін алып жатқан сәтін жариялады. Еркебұланның айтуынша, 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында Америкадағы топ-тимдердің бірінде екі айлық оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Спортшы не себепті дайындықты АҚШ-та өткізуді таңдағанын да түсіндірді. Оның сөзінше, Қазақстанда да мықты, тәжірибелі бапкерлер жеткілікті. Алайда жаттығу тек жаттықтырушыға ғана байланысты емес.

«Мәселе кіммен спарринг өткізетініңде. Мен барайын деп отырған залда түгелге жуық UFC-де өнер көрсетіп жүрген кәсіби файтерлер жаттығады. Солармен бір залда дайындалу мен үшін үлкен тәжірибе», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 26 желтоқсанда Ташкентте өткізген. Бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте өзбекстандық Тимур Никулинді 1 минутта нокаутқа жіберіп, жеңген еді.

Сондай-ақ оқыңыз