Еркеш Хасен ажырасқаннан кейін, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосты ма

Жарияланды 6 Қаңтар 2026 11:19

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Еркеш Хасен ажырасты ма? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Желіде әнші Еркеш Хасеннің жеке өміріне қатысты қызу әңгіме тарады. Threads әлеуметтік желісінде Еркеш Хасен ажырасып, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосқан деген сыбыс кеңінен талқыланып жатыр.

Бұл әңгімелерге Еркештің бұрынғы жары Айгерімнің құрбысы Сандуғаш Амантаева есімді қолданушы жауап жазды. Ол Threads желісінде Еркеш пен Жанельдің қарым-қатынасы, Айгерімнің бастан кешкен ауыр кезеңі туралы эмоцияға толы пікірлер қалдырған.

Еркеш Хасен мен Айгерімнің Instagram парақшаларында бұрын бірге түскен отбасылық суреттер өшірілгені байқалады. Бұл жайт та түрлі болжамға негіз болды.

Еркеш Хасен мен Айгерімнің ортақ Медина есімді қызы бар. Әншінің қызына арнаған «Қызым» атты әні тыңдарманның жүрегінен орын алып, хитке айналған еді.

Kursiv LifeStyle мәселеге қатысты пікір білдіруді сұрап, Еркеш Хасеннің директорына жүгінген. Алайда әзірге ол тараптан нақты жауап берілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен жұлдыздар туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз