«Есеп беру, презентация жасауды доғарыңыздар»: Бектенов министрлерге ескерту жасады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Үкімет отырысында цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі талқыланды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2026 жылғы жұмысты кабмин мүшелеріне ескертумен бастады.

«Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар Президент тапсырмаларын табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салып, жұмыс істеуі керек. Сөзден іске кірісу керек. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Есеп беру, презентация жасау – оның бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Осылай жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз. Орынбасарларыма Президент тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіруге шақырамын», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бектенов инфляцияны төмендету шаралары қарастырылып жатқаны жайлы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз