ХҚКО форматы өзгереді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) барушылар қарқыны азайды. Осыған байланысты олардың форматы өзгеріп, Apple Store тәрізді жұмыс істейтін болады. Бұл жайлы үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер санының күрт азайғаны байқалады. Осыған байланысты, бұл орталықтар Apple Store стиліндегі халыққа арналған цифрлық кеңселер болып қайта құрылады. Азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсетеді», – деді ведомство басшысы.
Министрдің келтірген дерегінде, 2025 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды 15 млн-ға жуық рет қабылдаған.
Ол трафиктің 80%-ын ең танымал 10 мемлекеттік қызмет әкеледі. Енді министрлік сол қызмет түрлеріне онлайн-форматқа ауыстырып жатыр.
Еске салайық, өткен жылдан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мобильді қосымшасында жаңа маңызды функция пайда болды. Енді азаматтар өздерінің мемлекеттік қызметке жасаған өтініштерінің қалай іске асып жатқанын бақылап отыра алады.