Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді – Олжас Бектенов

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бектенов теңсіздіктерді теңдестіру қажет екеніне тоқталды / фото: KursivMedia мұрағаты
Бектенов теңсіздіктерді теңдестіру қажет екеніне тоқталды / фото: KursivMedia мұрағаты

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет нақты мұқтаж жандарға атаулы қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Мұны ол президенттің тарифтер бойынша тапсырмаларын орындау мәселесін сөз еткен кезде айтты.  

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берген.

Онда фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс екені көрсетілген. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіру қажет. Ал энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударылған.

«Әділетті тарифтер – оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде, шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісу тапсырылды.

Мұның алдында Олжас Бектенов министрлерге ескерту жасаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз