Каспий теңізі түбінен өтетін оптикалық желі құрылысы 2026 жылы аяқталады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий теңізі түбінен тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы 2026 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жаслан Мадиев Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы халықаралық интернет-трафик транзитінде елдің рөлін күшейтетінін атап өтті.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Каспий теңізінің түбімен Әзербайжан Республикасына дейін оптикалық кабель тарту жұмыстары басталған.

2025 жылдың наурызында қос ел арасында келісімге қол қойылған.

Бастапқыда жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған еді. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуінен кейін Каспий теңізінің түбімен өтетін желі құрылысын жеделдетуді тапсырған.

Жоба аясында Каспий теңізінің түбімен Әзербайжанның Сумгаит қаласын Қазақстанның Ақтау қаласын жалғайтын, ұзындығы 380 шақырым болатын суасты байланыс желісі тартылады. Жобаның жоспарланған өткізу қабілеті 400 Тбит/с-қа дейін жетіп, ала көлемді деректерді жоғары жылдамдықпен тасымалдауға мүмкіндік береді.

Транскаспий жобасы – Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Өйткені оны іске асыра отырып, суасты кабелі арқылы Әзірбайжанға жаһандық трафик транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа арнаға ие болады, әрі қарай Грузия, Қара теңіз, Болгария арқылы Еуропаға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз