Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп ресми түрде жариялады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы / Фото: kursiv.media мұрағаты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу мақсатында арнайы қаулы шығарды.

Қаулыда «2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын» делінген.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», – делінген хабарламада.

Жарлық қол қойылған күннен, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент 2026 жылды Цифрлық даму және жасанды интеллект жылы болатынын айтқан еді. Бұған қоса, ол биыл елімізде конституциялық реформа болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз