Нұрәли Әлиев 41 жасын Дубайдың шөл даласында дүркіретіп өткізді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Нұрәли Әлиевтің Instagram-нан скрин

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен жиені Нұрәли Әлиев 41 жасын Дубайдың шөл даласында дүркіретіп өткізді. Әлиев мерекелік кешіндегі үзінділермен Instagram парақшасында бөлісті.

Туған күн кеші Дубайдан жарты сағаттық жерде орналасқан бес жұлдызды «Terra Solis Dubai» кешенінде өтті.

Фото: Нұрәли Әлиевтің Instagram-нан скрин

Әлеуметтік желідегі кадрларда Әлиевтің «Spark of life» («Өмірдің ұшқыны») деген жазуы бар дизайнерлік торттағы шамдарды үрлеп тұрғанын байқауға болады. Суреттерде жұбайы Адина Имашева, 13 жастағы қызы Амира мен үлкен ұлы Алан Нұралиұлы да көзге түседі.

Салтанатты шараны танымал продюсер Николас Броше ұйымдастырған. Қонақтар үшін Turan этно-ансамблі өнер көрсетті. Мереке шөл оазисіндегі сәнді декор және дизайнерлік тортпен ерекшеленді.

Фото: Нұрәли Әлиевтің Instagram-нан скрин

Жарияланған Stories-ке қарағанда, туған күн глэмпинг форматында өткен. Кадрлардан киіз үй, этникалық безендірулер, жанды музыка философиялық идеялар байқалады.

Нұрали Әлиев – кәсіпкер, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен жиені. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкерінің қатарына кіреді. Дубай мен Алматыда орналасқан Donatello қонақүйлері мен мейрамхана бизнесінің иесі. 2025 жылдың ақпанында Әлиев 10 жылдан астам басқарған «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен ресми түрде кеткенін жариялаған.

Еске салсақ, осыған дейін Нұрәли Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің Қазақстан футболына қосқан үлесін еске салды. Әлиевтің жазуынша, әкесі Рахат Әлиев Қазақстан Футбол федерациясының басшысы болып тұрған кезде Қазақстан Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА мүшесі болған.

Сондай-ақ оқыңыз