Қазақстан спутник шығарып, шетелге экспорттайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
қашықтықтан зондтау спутнигі
фото: Жасанды интеллек және цифрлық даму министрлігі

Қазақстанда алдағы жылдары қашықтан зондтау спутниктері құрастырылады. Оны шетелге экспорттау да жоспарланып отыр. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

«Жасанды интеллект министрлігінің иелігінде отандық спутниктерді өндіретін кешен бар. Аталған кәсіпорынның өндірістік қуаттарын жүктеу бойынша біз белсенді жұмысты бастап кеттік. Алдағы жылдары бұл кешенде жерді қашықтан зондтау бағытында кемінде 5–6 спутник өндіріледі. Соның ішінде 75 млн доллар көлемінде экспорт жоспарланып отыр», – деді министр үкімет отырысында.

Мәдиевтің сөзінше, бұл Қазақстан тарихындағы ең технологиялық экспорт болмақ.

Осыған дейін Жаслан Мәдиев 2027 жылы елімізде Amazon компаниясының Project Kuiper спутниктік интернет қызметі іске қосылуы мүмкін екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз