Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстан вице-премьері болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Рамзан Қадыров ұлы Ахмат Қадыров
фото: ашық дереккөзден

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің 20 жастағы ұлы Ахматты ел вице-премьерінің міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ол сонымен бірге Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын қоса атқарады.

Ал үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып аймақтың ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев тағайындалды.

«Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаев жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайтынына сенімдімін. Ол үшін олардың қажетті тәжірибесі, бірқатар ерекше кәсіби қасиеттері, жұмысқа деген жүйелі көзқарасы және жоғары жауапкершілігі бар», – деп атап өтті Рамзан Қадыров.

Қадыровтың балалары мен туыстары Шешенстандағы маңызды қызметтерге жүйелі түрде тағайындалып, жоғары аймақтық марапаттарға ие болып тұрады. Мысалы, Рамзан Қадыровтың қызы Хадижат 24 жасында Шешенстан басшысы мен үкіметі әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Ахмат Қадыров 18 жасында Шешенстанның спорт министрінің орынбасары және жастар ісі жөніндегі министрі, сондай-ақ «Ахмат» футбол клубының президенті болды. Қадыровтың тағы бір ұлы Адам Қадыров 16 жасында әкесінің «қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы» және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы болды. Өткен жылы желтоқсанда Адам Ресейдің Ұлттық гвардиясы – Росгвардияның құрмет грамотасын алған.

Сондай-ақ оқыңыз