Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы алғашқы ойынын өткізеді: матчты қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина третий раз примет участие в турнире года
Рыбакина тікелей эфир / фото: kursiv.media архиві

Бүгін, 6 қаңтарда, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) жаңа маусымды ресми түрде бастайды. 26 жастағы теннисші Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде екінші айналымнан жарыс жолына қосылады.

Қазақстандық спортшының алғашқы қарсыласы Қытай өкілі Шуай Чжан (WTA №79). Алғашқы айналымда америкалық Эшлин Крюгерді (№49) тартысты матчта 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңген.

Елена Рыбакина мен Шуай Чжан бұған дейін үш рет кездескен. Оның екеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жетсе, бір ойында қытай спортшысы басым түскен. Айта кету керек, Шуай Чжан жұптық разрядта әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, сондай-ақ Australian Open-2019 және US Open-2021 турнирлерінің чемпионы.

Матч қашан және қайдан көрсетіледі?

Рыбакина мен Чжан арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын келесі сілтеме арқылы көруге болады.

Брисбен турнирінің жүлде қоры

Брисбендегі WTA 500 турнирі 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,2 млн АҚШ долларын (шамамен 613,4 млн теңге) құрайды.

Еске салайық, бұл матч Елена Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы алғашқы ресми ойыны болмақ. Ал 12 қаңтардан бастап теннистен үлкен дулыға Australia Open турнирі басталады. Рыбакина 2023 жылы дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған.

Ал былтырғы жыл Рыбакина үшін табысты болды. Қазақстандық теннисші ең қомақты сыйақы алған спортшы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.

Сондай-ақ оқыңыз