Шахризада Сәкен Майғазиевке Нью-Йорктен тосын сый жасады

Жарияланды 6 Қаңтар 2026 14:16

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

Әнші Сәкен Майғазиев ерекше әрі әсерлі құттықтауға ие болды. Өнер иесінің шәкірті, жас әнші Шахризада Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Таймс-сквердегі үлкен экран арқылы ұстазын туған күнімен құттықтаған.

Бұл сәттің видеосын Сәкен Майғазиев Instagram-stories парақшасында жариялап, эмоциясын жасырмады. Кадрдан Нью-Йорктің қақ ортасындағы алып экранда «Happy Birthday» деген жазу мен құттықтау бейнесін көруге болады.

Айта кетейік, Таймс-сквер – әлемдегі ең көп адам жиналатын орындардың бірі. Жыл сайын бұл алаңға шамамен 50 миллионға жуық турист келеді.

Сондай-ақ оқыңыз