Шымкентте 80 млн теңге ұрлады деген алаяқ ұсталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Экс-президент алаяқтық және қысым жасағаны үшін кінәлі деп танылды / фото: KursivMedia мұрағаты
Шымкентте 80 млн теңге ұрлады деген алаяқ ұсталды / фото: KursivMedia мұрағаты

Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зардап шеккендерге келтірілген залал жалпы 80 млн теңгеден асады. Ол зардап шеккендердің бірінен бағалы бұйымдарын алып кеткен.

«Күдікті досының сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен құнды бұйымдар алып қойып, кейіннен өз міндеттерін орындамады», – деді полиция.

Екінші эпизод шетелге туристік сапарлармен байланысты. Жақсы сапар ұйымдастыруға уәде беріп, күдікті алдын-ала төлем алып, бірақ турды ұйымдастырмаған.

«Күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды. Іс-шаралар кешенінің нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары қылмыстың барлық мән-жайларын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыз