Солтүстік пен шығыста автожолдар жабылды
Жарияланды

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы жолдардың жай-күйі туралы қазіргі ақпаратты ұсынды. 2026 жылғы 6 қаңтарда сағат 20:00-дегі жағдай бойынша төрт облыста 9 республикалық автожолда қозғалыс шектеуі енгізілді.
Ақмола облысы:
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының учаскесінде 18-234 км (Астана қаласы-Щучинск қаласы);
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының учаскесінде 16-200 км (Астана қаласы-Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка-РФ шекарасы» автожолының 200-254 км учаскесінде (Ақмола облысының шекарасы-Шідерті кенті);
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка-РФ шекарасы» автожолының учаскесінде 254-416 км (Шідерті кенті уч. — Атамекен кенті);
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды-Шідерті» автожолының 1135-1206 км учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасы уч. — Шідерті кенті);
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының учаскесінде 0-231 км (Баянауыл кенті уч. — Қарағанды облысының шекарасы);
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 км учаскесінде (Молодежный кенті уч. – Павлодар облысының шекарасы);
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының учаскесінде 231-324 км (Павлодар облысының шекарасы уч. – Ботақара кенті.).
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Алматы — Талдықорған – Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының учаскесінде км.1194-1212 (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы).