Орталық Азиядағы ең үлкен аквапаркті қытайлар Түркістанда салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
аквапарк Түркістан халасы
Жасанды интеллект көмегімен дайындалған сурет; бильд-редактор: Әхтәм Зиперов

Түркістан облысына Қытайдың тағы бір компаниясы инвестор ретінде кіркелі жатыр. 6 қаңтарда өңір әкімі Нұралхан Көшеров Qingdao Wanlin компаниясының басшысы Яньтао Лимен кездесті. Бұл туралы Kursiv.Media облыс әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Қытай компаниясының басшысы жаңа жобаларын таныстырды. Qingdao Wanlin Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар, үй жануарлары үшін жем шығару мекемелерін, басқа да өнідіріс орындарын ашуды көздеп отыр.

Бұған қоса, қытайлар өңірде туризмді дамыту үшін Орталық Азиядағы ең үлен аквапарктердің бірін салуды ұсынды. Яньтао Ли «инвесторларға қолайлы мүмкіндік жасаған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді».

Өңір басшысы да облысты дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, бірлесе жұмыс істеуге үндеген.

«Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығында терең өңдеу саласын дамыту, индустриалды аймақтарда өндірісті өркендетуге мүмкіндіктер мол. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейтуге мүдделіміз», – деді Көшеров.

Әкімдік мәліметінше, Түркістан облысына 2025 жылғы он бір айда 1,4 трлн теңге инвестиция тартылған. Оның өсімі 123%-ға жеткен. Жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалған. Былтыр қаңтар-қазан айларында өңірде 44 жоба іске қосылып, 6 637 жұмыс орны ашылған.

Қытай инвесторлары әсіресе Түркістан облысына көптеп кіріп жатыр. Жақында ғана тақырға мақта өсірген Lihua қытай компаниясы инвестицияны 600 млн долларға дейін ұлғайтқан. Gucci-мен жұмыс істейтін қытайлар жыл соңында үш ірі мақта зауытын ашқан.

Тағы бір қытай компаниясы – Hygeia Textile былтыр күзде нарыққа кіріп, Түркістанда 23 млрд теңгеге джинс шығаратын зауыт салып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз