Қазақстанда халал кәсіпорындар саны едәуір көбейді

2025 жылы тағы 450 кәсіпорын халал куәлігін алды. Осылайша қазір республикада 2234 кәсіпорын халал өнім өндірумен айналысып жүр. Бұл туралы Kursiv.Media Мүфтият мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, олар дайындаған өнімдер елде ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Иран елдерінде сатылып жүр. Былтыр 10 мың тоннаға жуық халал өнім экспортталған.
«QMDB HALAL» сертификатын діни басқарманың Халал Даму мекемесі береді. Мүфтияттың негізгі бағыттарының бірі – халал саласын дамыту.
«Халал жүйесі шариғат талаптарына сай отандық кәсіпкерлікті қолдап, ұлттық экономиканы нығайтудың маңызды тетігі», – деп таратты діни басқарма.
Қазақстандағы халал кәсіпорындар сүт, ет, кондитерлік өнімдер, шұжық, жартылай фабрикаттар, сусындар және фаст-фуд өнімдерін шығарады.