Түрмеден президентікке дейін: Садыр Жапаров туралы деректі фильм жарық көрді

Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаровтың өмірі мен саяси жолына арналған деректі фильм түсірілді.
Фильм авторы, журналист Айбек Бийбосуновтың айтуынша, деректі фильмде Садыр Жапаров соңғы төрт-бес жылдағы маңызды саяси оқиғаларға кеңінен тоқталып, бұған дейін көпшілікке жария етілмеген деректерді бөліседі. Картинада оның түрмеде отырған кезеңі, оппозицияда және күтпеген жерден ел президентіне дейінгі жолы баяндалады.
Сонымен қатар фильмде Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиевтің қатысуымен түсірілген кадрлар да бар. Ол да деректі фильмде өз ойын ашық жеткізгені айтылады.
Мәліметке сәйкес, деректі фильм төрт сериядан тұрады. Алғашқы бөлімі YouTube-қа шықты, ал қалған сериялары 6, 7 және 8 қаңтар күндері Айбек Бийбосуновтың YouTube-арнасында жарияланады.