Жаңа Kia Seltos ең алғаш қай елде сатылатыны белгілі болды

Kia екінші буындағы Seltos моделін нарыққа шығарды. Шағын кроссовердің сыртқы келбеті ғана емес, ішкі технологиялық мүмкіндіктері де жақсарды.
Бағасы мен нарығы
Жаңа модельді ең алғаш рет сатуға шығарған ел – Үндістан, ол осы модель үшін маңызды нарықтардың бірі. Үндістанда Kia Seltos 2026 жылғы моделі 12 мыңнан 22 мың доллар аралығында (қазіргі курс бойынша шамамен 6,1–11,2 млн теңге) бағаланады. Еуропа мен Солтүстік Америкада кейінірек пайда болады және қымбатырақ болуы мүмкін.
Сыртқы көрінісі мен өлшемдері
Жаңа «Seltos» электрлі Kia EV5 пен EV9 модельдерінің стилінде жасалған, қатты әрі бұрышты дизайнымен ерекшеленеді. Кең радиаторлық торы айрықша көзге түседі. Алдыңғы буынмен салыстырғанда кроссовер көлемі ұлғайған.
Kia Seltos 2026 моделінің габариттері:
- ұзындығы – 4 430 мм,
- ені – 1 830 мм,
- биіктігі – 1 600 мм,
- дөңгелек базасы – 2 690 мм.

Салоны мен жабдықталуы
Ішкі көрінісі де жаңартылған. Алдыңғы панельге бірден үш экран орнатылған: екеуі — 12,3 дюймдік, және қосымша 5 дюймдік дисплей. Салон кеңейіп, жүксалғыш көлемі 536 литрге дейін ұлғайған.
Үздік жиынтықтарында:
- екі аймақтық климат-бақылау,
- алдыңғы әйнекке проекция,
- панорамалық төбе,
- жүргізуші орындығының электр реттегіші,
- орындықтарды желдету жүйесі,
- 8 динамикамен жабдықталған Bose акустикасы,
- қауіпсіздік жүйелерінің кеңейтілген жиынтығы.

Үнді нарығында жаңа Seltos 1,5 литрлік қозғалтқыштармен ұсынылған:
- бензинді – 115 және 160 а.к.
- дизельді – 116 а.к.
Басқа нарықтар үшін:
- 1,6 литрлік турбо-бензинді қозғалтқыштар – 180 және 193 а.к.
- атмосфералық 2,0 л – 150 а.к.
Кейінірек гибрид нұсқасы да шығарылады деп күтілуде.
Модификациясына байланысты механикалық, автомат немесе роботталған беріліс қораптары қолжетімді. Қосымша ақыға толық жетек ұсынылады.
Айта кетейік, жаһандық нарыққа арналған модель үлкен Telluride стилінде мүлде жаңа сыртқы келбетке ие болады. Сонымен қатар, X-Line және GT-Line нұсқалары ұсынылады деп күтілуде.