Volkswagen жаңа Polo-ға классикалық түймелерді қайта орнатты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Volkswagen, Volkswagen Polo, фольцваген
Фото: motor1.com

Volkswagen жүргізушілердің сын-ескертпелерін ескеріп, ыңғайсыз сенсорлардан бас тартып, классикалық дизайнға қайта оралуға шешім қабылдады. Жаңа электрлі ID. Polo моделі соның алғашқы дәлелі.

Сенсор батырмалар көпшіліктің көңілінен шықпады

Жаңа ID. Polo моделінде рөлге қайтадан қолайлы физикалық батырмалар орнатылды, ал экранның астында климатты басқаруға арналған кәдімгі пернелер пайда болды.

Фото: motor1.com

Ең басты жаңалық – орталық консольдегі айналатын «дөңгелек» басқару элементі, ол дыбыс деңгейін реттеп, музыканы ауыстыруға мүмкіндік береді, әрі назарды басқарудан аудармайды. Сондай-ақ әзірлеушілер көпшілік сұранысымен терезелерді басқару үшін төрт бөлек ауыстырып қосқышты қайтарды. Осыған дейін жүргізушілер сенсор батырмалардан шатасып кететін. Нәтижесінде интерьер қарапайым әрі түсінікті болды.

Классикалық Volkswagen Golf стилінде

Фото: motor1.com

Андреас Миндт бастаған германиялық дизайнерлер сандық 10,25 дюймдік аспап тақтасын Volkswagen Golf 1980-жылдардағы аспап тақтасымен үйлестірді жөн санаған.

Бұл ескі стильдегі интерфейс негізгі 13 дюймдік медиажүйенің экранындағы «кассеталық» мәзір дизайнымен толықтырылады. Салондағы жайлылықты премиум материалдар қамтамасыз етеді: дәстүрлі қатты пластиктің орнына алдыңғы панель мен есік карталары жұмсақ матаға оралған.

Жаңа моделдің техникалық ерекшеліктері

Фото: motor1.com

Ұзындығы 4,05 метрге қарамастан, ID. Polo 2,6 метрлік доңғалақ базасын ұсынады. Қозғалтқыштар қатары 116-дан 226 ат күшіне дейінгі қуатты моторларды қамтиды, ал ең қуатты агрегат GTI «ең қуатты» нұсқасына арналған.

52 кВт·сағат сыйымдылықты батарея 450 км дейінгі жүру қашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл модельдегі шешімдер брендтің барлық болашақ электрокөліктері үшін үлгі болмақ, оның ішінде шамамен 12 млн теңге тұратын (20 мың еуроға дейін) бюджеттік жоба да бар, ол Lupo атауын қайта жаңғыртуы мүмкін.

Еске салайық, SAIC-Volkswagen бірлескен кәсіпорны ресми түрде Passat ePro седанын таныстырды. Жаңа буындағы гибридті платформа негізінде жасалған автокөлік Қытайда 2026 жылы сатылымға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз