5 облыстағы 19 республикалық автожол жабылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

«Қазавтожол» қолайсыз ауа райына байланысты бес облысындағы республикалық 19 автожолда қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады.

Ақмола облысы:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 232-260 км аралығы (Қостанай облысы шекарасы – Сұрған ауылы учаскесі);
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 537-552 км аралығы (Бұзылық ауылы – Сұрған ауылы учаскесі);
  • Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолының 71-82 км аралығы (Ақсай ауылы – Бұзылық ауылы учаскесі);
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 537-595 км аралығы (Қостанай облысы шекарасы – Бұзылық ауылы учаскесі);
  • Көкшетау – Рузаевка автожолының 0-61 км аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы учаскесі);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы автожолының 856-915 км аралығы (Жақсы ауылы – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы учаскесі).
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 304-341 км аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы учаскесі);
  • Көкшетау – Атбасар автожолының 0-184 км аралығы (Көкшетау қаласынан Атбасар қаласына дейін);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 242-304 км аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейін);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 18-234 км аралығы (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
  • Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолының 0-71 км аралығы (Жақсы ауылы – Ақсай ауылы учаскесі);
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 915-1002 км аралығы (Атбасар ауылы – Жақсы ауылы учаскесі).

Ақтөбе облысы:

  • Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 11-337 км аралығы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысы шекарасы учаскесі).

Атырау облысы:

  • Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 337-346 км аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Сағыз ауылы учаскесі).

Қостанай облысы:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолының 108-232 км аралығы (Әулиекөл ауылы – Ақмола облысы шекарасы учаскесі).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 729-856 км аралығы (Қостанай облысы шекарасы – Ақмола облысы шекарасы учаскесі);
  • Көкшетау – Рузаевка автожолының 61-196 км аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Рузаевка ауылы учаскесі);
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 595-673 км аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Тоқсан би ауылы учаскесі);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 341-473 км аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Бесқұл ауылы учаскесі).

Қазіргі таңда жолдарды күтіп ұстау үшін 722 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыз