Еуропалық Одақ Венесуэла президенті Родригестің заңдылығын мойындамады

Еуропалық Одақ Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригестің билігінің заңдылығын мойындамайды, бұған дейін одақ Николас Мадуроны да мойындамаған. Брюссель Венесуэла билігімен «шектеулі байланыста» болуға ниетті.
Бұл туралы Брюссельдегі брифингте Еуропалық комиссияның өкілі Анита Хиппер мәлімдеді.
«Дельси Родригес Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде ант берді, бірақ қазіргі билік өз мандатын демократиялық жолға сәйкес келмейтін сайлау негізінде алды», — деп атап өтті Хиппер.
Еуропалық Одақ Венесуэланың жаңа билігін әлі заңды деп санамайтынын, бірақ практикалық мәселелерді шешу үшін байланыс арналарын сақтайтынын атап көрсетеді.
АҚШ Венесуэлаға соққы беріп, диктатор Николас Мадуроны тұтқындағанына қатысты көптеген жайт әлі де белгісіз қалып отыр. Ақ үй Мадуроны құлату режимді ауыстыру операциясы немесе соғыс емес, есірткі баронына қарсы құқық қорғау шарасы болғанын мәлімдейді. Әзірге шектеулі қадамдарын түсіндіру үшін Вашингтон дәл осы ұстанымға сүйеніп отыр.
Кейіннен БАҚ Трамп Венесуэланың жаңа басшысына бірқатар талап қоятынын айтқан. Олар – есірткі тасымалына қарсы күресті күшейту, Вашингтонға жау елдерге немесе желілерге қатысы бар ирандық, кубалық және өзге де агенттерді елден шығару, сондай-ақ АҚШ қарсыластарына мұнай сатуды тоқтату.