«Қайрат» екі легионермен қош айтысты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
«Қайрат» Селтикпен ойын қарсаңында жанкүйеріне үндеу жасады
«Қайрат» екі легионермен қош айтысты / Фото: kursiv.media

Алматылық «Қайрат» жартылай қорғаушылары Офри Арадпен және Джорги Зариямен қоштасатынын ресми түрде жариялады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, екі футболшы да келісімшарттың аяқталуына байланысты клубтан кетті.

Гиорги Зария

Грузиялық футболшы «Қайрат» құрамына 2024 жылдың қаңтарында келген. Дебюттік Маусымда Зария 30 матчта 15 нәтижелі іс-қимылмен көзге түсіп, Қазақстан премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атағына ие болды.

2025 жылы ол Қайратқа отандық чемпионаттың жеңімпазы болуға, Суперкубокты жеңіп алуға және Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтуге көмектесті. Осы кезге дейін клубта Зария 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 ассис жасады.

Офри Арад

Израильдік жартылай қорғаушы 2023 жылдың ақпанында «Қайраттың» ойыншысы болды. Клубпен бірге Арад екі рет Қазақстан чемпионатын, Суперкубогті жеңіп алды және алматылықтарға Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтуге көмектесті.

«Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меазца» стадионында «Интер» қақпасына гол соқты. Арад клуб үшін 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 гол соқты

Осыған дейін Қазақстан құрамасының қанаты Ислам Чесноков шотландиялық «Хартстың» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз