Қазақстанда күн қайта жылынады
Жарияланды

Қазақстанда күн қатты жылынады. Атап айтқанда, оңтүстікте температура бағаны +14 градусқа өседі. «Қазгидромет» алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды.
Елдің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігіне жауын-шашын мен көктайғақ болады. Солтүстікте қарлы боран болады деп болжануда. Жалпы республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі.
Бүкіл ел бойынша ауа температурасы біртіндеп жылына бастайды:
- батыста – түнде -8…+ 5 градус, күндіз -3…+8 градус;
- солтүстік-батыста – түнде -5…-20 градус, күндіз -8…+1 градус;
- солтүстікте – түнде -7…-15 градус, күндіз -2…-10 градус;
- орталықта – түнде -5…-15 градус, күндіз -6…0 градус,
- шығыста – түнде -10…-20 градус, күндіз -2 дейін…-13 градус;
- оңтүстікте – түнде -7…+ 2 градус, күндіз + 1…+14 градус;
- оңтүстік – шығыста-түнде -8…0 градус, таулы аймақтарда -13…-18 градус, күндіз -3…+12 градус, таулы аймақтарда -3…+2 градус.