Шыңжаңда жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі енгізілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі
Шыңжаңда жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай режимі енгізілді / фото: shutterstock

Қытай билігі сәрсенбі күні таңертең болған 5,2 балдық жер сілкінісінен кейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында төртінші деңгейдегі шұғыл әрекет ету режимін енгізді, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 03:17-де Тәжік автономиялық округінде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте.

Оқиғаға байланысты ведомство ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жұмыс жүргізуге бұйрық берген. Өңірлік бөлімшелерге сейсмикалық мониторингті күшейту, жағдайды бағалау және деректердің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету тапсырылған.

Эпицентрден 10 шақырым радиустағы аумақ теңіз деңгейінен орташа биіктігі шамамен 4545 метр болатын биік таулы аймақта орналасқан. Осы уақытқа дейін қайтыс болғандар немесе зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жария болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз