«Тобыл» мен Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ислам Чесноков
«Тобыл» мен Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысты / Фото: heartofmidlothianfc

Қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков әлемдегі ең көне клубтардың бірі шотландтық «Хартс» клубының футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды.

Қостанайлық «Тобылдың» 26 жастағы ойыншысы еуропалық клубпен 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды. Чесноков Шотландия чемпионатына келген тарихтағы алғашқы қазақстандық футболшы болды. Исламның бұл клубқа ауысуы бір жылға жуық талқыланған.

Чесноков Қазақстанда қостанайтық «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, 92 матч өткізіп, 29 гол соғып, 15 нәтижелі ассист берған. Бұған қоса, Ұлттық құрамада да көзге түсіп, 20 ойын өткізді.

Отандасымыз таңдаған клуб қазір Шотландия чемпионатының жоғары дивизионында көш бастап келеді. «Хартс» клубы жергілікті «Рейнджерс» клубы мен «Селтик» клубын артқа тастаған.

99-шы нөмірді алған отандасымыз «Хартстың» сапында алғашқы ойынды 11 қаңтарда «Данди» клубына қарсы өткізуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз