Тоқаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады / фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православ христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады», – делінген құттықтауда.

Өз сөзінде президент православ христиандардың Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.

«Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді», – делінген құттықтауда.

Айта кетейік, православтардың Рождествосы — Иса Мәсіхтің дүниеге келуін атап өтетін үлкен діни мереке. Мереке юлиан күнтізбесіне сәйкес тойланады, грегориан күнтізбесіне сәйкес, 7 қаңтар тойланады. Бұл күн Қазақстанда мереке және демалыс.

Сондай-ақ оқыңыз