Венесуэла билігі АҚШ-қа миллиондаған баррель мұнай береді

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың уақытша билігі Америка Құрама Штаттарына 30-50 миллион баррель мұнай беруге келіскенін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Тruth Social әлеуметтік желісінде жазды.
Трамптың сөзінше, мұнай нарықтық бағамен сатылады. Ал түскен қаражат «екі елдің халқына пайда әкелу үшін» президенттің жеке бақылауында болады.
Президент энергетика министрі Крис Райтонға бұл жоспарды «дереу» орындауды тапсырды. Мұнай АҚШ-қа арнайы кемелермен тікелей түсіру терминалдарына жеткізіледі.
АҚШ Венесуэлаға соққы беріп, диктатор Николас Мадуроны тұтқындағанына қатысты көптеген жайт әлі де белгісіз қалып отыр. Ақ үй Мадуроны құлату режимді ауыстыру операциясы немесе соғыс емес, есірткі баронына қарсы құқық қорғау шарасы болғанын мәлімдейді. Әзірге шектеулі қадамдарын түсіндіру үшін Вашингтон дәл осы ұстанымға сүйеніп отыр.
Кейіннен БАҚ Трамп Венесуэланың жаңа басшысына бірқатар талап қоятынын айтқан. Олар – есірткі тасымалына қарсы күресті күшейту, Вашингтонға жау елдерге немесе желілерге қатысы бар ирандық, кубалық және өзге де агенттерді елден шығару, сондай-ақ АҚШ қарсыластарына мұнай сатуды тоқтату.