Венесуэлада жеті күндік аза тұту жарияланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Венесуэлада жеті күндік аза тұту жарияланды / Фото: GETTY IMAGES

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес АҚШ Қарулы күштерінің операциясы кезінде қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерін еске алу үшін жеті күндік ұлттық аза тұту туралы жариялады, деп хабарлайды euronews.

Америка Қарулы күштерінің рейдінде Венесуэланың күш құрылымдарының кем дегенде 24 қызметкері, сондай-ақ 30-дан астам кубалық әскери қайтыс болды. Кубада аза тұту 5 және 6 қаңтарда жарияланды.

«Бұл жерде соғыс жоқ, өйткені біз соғыс жағдайында емеспіз. Біз шабуылға ұшыраған бейбіт елміз. Біз бейбітшілік жолымен жүре береміз. Бүкіл Венесуэла халқы ұлттық бірлікте, болашағымыз үшін жұмыс істеп, тарихымыз бен қадір-қасиетімізді қорғай отырып, бірге болайық», – деді Дельси Родригес.

АҚШ Венесуэлаға соққы беріп, диктатор Николас Мадуроны тұтқындағанына қатысты көптеген жайт әлі де белгісіз қалып отыр. Ақ үй Мадуроны құлату режимді ауыстыру операциясы немесе соғыс емес, есірткі баронына қарсы құқық қорғау шарасы болғанын мәлімдейді. Әзірге шектеулі қадамдарын түсіндіру үшін Вашингтон дәл осы ұстанымға сүйеніп отыр.

Кейіннен БАҚ Трамп Венесуэланың жаңа басшысына бірқатар талап қоятынын айтқан. Олар – есірткі тасымалына қарсы күресті күшейту, Вашингтонға жау елдерге немесе желілерге қатысы бар ирандық, кубалық және өзге де агенттерді елден шығару, сондай-ақ АҚШ қарсыластарына мұнай сатуды тоқтату.  

Сондай-ақ оқыңыз