Жамбылда сарбаз өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында мерзімді қызмет өткеру кезінде әскери қызметші қайтыс болды. Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
2026 жылдың 6 қаңтарында сарбаздың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, ауруханада қайтыс болды. Алдын ала қорытындыға сәйкес дәрігерлер «жедел лейкемия» диагнозын қойған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкентте қызмет өткерген кезде сарбаз дәрігерлердің бақылауында болып, тексеруден өткен.
Ұлттық ұланның қолбасшылары мен жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Осыған орай әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жағдай Ішкі істер министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің жеке бақылауында болады.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін қарасты Алматы мен Маңғыстау облысы бөлімшесінде сарбаз қайтыс болды.