Жаңалықтар

АЭС салуға жауапты компанияның акционері ауысты

Екінші АЭС те Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады/бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры АЭС салуға жауапты компанияны өз иелегінен шығарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС 2014 жылы үкіметтің жарлығымен атом электр станцияларын салу жұмысы үйлестіру үшін құрылған.

10 жылдан аса компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» қоры болған. 2025 жыл соңында жылқайта тіркеуден өтіп, акционері ауысады. Енді оған Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті иелік етеді.

Аталмыш компанияны иелігінен шығарған соң, «Самұрық-Қазына» қорының меншігінде 25 компания акцияларының үлесі бар.

Қазақстанда 2024 жылы ұлттық референдум өтіп, елде АЭС салынатыны нақтыланды. Ал 2025 жылы атом станциясын салатын консорциум жетекшісі ретінде Ресейдің «Росатом» компаниясы танылды.

Қазақстан үкіметі бір ғана АЭС құрылысымен шектелмек емес, ел аумағында тағы да екі АЭС салынуы мүмкін.