Жаңалықтар

Air Astana ұшағы Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды

Қазіргі уақытта әуе компаниясы ақауды жою үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Қазіргі уақытта әуе компаниясы ақауды жою үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр / фото: KursivMedia мұрағаты

Air Astana әуе компаниясының 2026 жылғы 8 қаңтарда Сеул – Астана бағыты бойынша KC210 рейсін орындаған ұшағынан ақау шықты.

Zakon.kz хабарлауынша, борттағы барлық дәретхана істен шыққан. Сондықтан Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ сағат 09:25-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 11:50-де Бейжіңге қонған.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы ақауды жою үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр. Рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша 01:00-ге ауыстырылды.

Сондай-ақ Қытай Шекара қызметі басшылығымен келісім бойынша визасы талап етілмейтін жолаушыларға қалаға шығып, қонақүйге орналасуға рұқсат берілгені атап өтілді.

«Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалады. Онда оларға тамақ, сусындар және көрпе беріледі», – делінген хабарламада.

4 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 40 шақты рейс кешіккен еді.