Айзат Жұманованың қазасы: марқұмның күйеуі 15 жылға сотталуы мүмкін

Талдықорған сотында Айзат Жұманованың ісі бойынша сот жалғасып жатыр. 32 жастағы әйел Баласаз ауылында қайтыс болған.
Бастапқыда Жұманованы күйеуі атпен сүйреп өлтірген деп айтылды. Мәйітке эксгумация жасалып, сараптамада бұл болжам расталмаған.
2026 жылдың 8 қаңтарында қылмыстық істегі прокурор Нұрлан Билібеков сотталушы Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айзаттың қазасы
Қайғылы жағдай Жетісу облысы Баласаз ауылында болған. Тергеу дерегінше, 2025 жылдың 21 маусымы сағат 05:00 шамасында Айбар Жанболат тауға атпен мал бағуға кетіп, 16:30 шамасында үйіне келген. Сол кезде Жұманованың табалдырықта біреумен сөйлесіп тұрғанын көріп, кіммен әңгімелескенін сұраған. Жұманова жауап бермей, үйге кіріп кеткен.
Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен. Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған.
Оқиғаны бәрі ерлі-зайыптының екіге толмаған қызының көзінше болған.