
«Рэкетир» фильмінің жұлдызы, актер Мұрат Бисембин өмірден өтті. Қаралы хабарды актердің қызы Диана Болатова әлеуметтік желіде жариялады.
Желі қолданушылары актердің өнерін еске алып, көңіл айтып, пікір жазып жатыр.
«Мұрат, төзімділік пен күрестің үлгісі еді», «Барлығы жақсы болады деп үміттенгенмін». «Рэкетир», әр жолы бірінші рет көргендей әсер қалдырады. «Бауырым, біз бәріміз сені жақсы көреміз», «Иманды болсын» – деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Мұрат Бисембин онкологиялық аурумен күресіп келген. Бұған дейін ол инсульт алып, ауруханаға жатқызылған болатын.