Алматыда заңсыз тұрғызылған ғимарат сот шешімімен бұзылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыда заңсыз тұрғызылған ғимарат сот шешімімен бұзылды / Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз тұрғызылған ғимарат қалалық соттың шешімінен кейін бұзылды, деп хабарлады мегаполистің қала құрылысын бақылау басқармасы.

Әкімдік ақпаратынша, ғимарат №30/1 үй Ниязбеков көшесінде орналасқан.

Фото: Алматы әкімдігі

Бастапқы да меншік иесіне құқық бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарылған. Алайда ол бұйрықты орындамағандықтан, қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды бұзуды талап етіп, Жетісу аудандық сотына талап арыз берген. Шағым 2024 жылдың желтоқсанында қанағаттандырылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қалалық соты 2025 жылғы ақпанда бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Нәтижесінде меншік иесі ғимаратты өзі қиратқан.

Сондай-ақ оқыңыз