АҚШ 66 халықаралық ұйымның қатарынан шығады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
strategy, central asia
АҚШ 66 халықаралық ұйымның қатарынан шығады / фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп 66 халықаралық ұйымдағы мүшелігін тоқтату туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle жазады.

Материалда аталған ұйымдардың 31-і БҰҰ аясында, ал өзгелері оның сыртында жұмыс істейтіні айтылған.

АҚШ шығатын халықаралық ұйымдардың тізімі Ақ үйдің сайтында қолжетімді. Олардың қатарында Украина ғылыми-технологиялық орталығы (УНТЦ)Венеция комиссиясы, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілінің кеңсесіБҰҰ Демократия қоры және басқалары бар.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше, Дональд Трамп әкімшілігі бұл ұйымдарды «ысырапшыл, тиімсіз, зиянды», «нашар басқарылатын», «артық» немесе «мемлекеттік егемендік, бостандық пен ортақ өркендеуге қауіп төндіретін» құрылымдар деп таниды.

2024 жылы Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан кететінін мәлімдеген. Мамандар бұл өзгеріс ДДСҰ-ны үлкен дағдарысқа ұшыратуы мүмкін деп қауіптенеді.

Сондай-ақ оқыңыз