«Арсенал» – «Ливерпуль»: тікелей эфир
Жарияланды

8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Англия Премьер-лигасының 21-туры аясында Лондондағы басты матчтардың бірі өтеді. «Арсенал» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.
Кездесу Лондон қаласындағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. Матчтың бас төрешісі – Энтони Тейлор.
Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Setanta Sports телеарнасы көрсетеді.
Турнирлік жағдайға тоқталсақ, 20 турдан кейін «Арсенал» 48 ұпаймен чемпионат көшін бастап тұр. Лондондық клуб екінші орында келе жатқан «Манчестер Ситиден» 5 ұпайға алда. Ал «Ливерпуль» 34 ұпаймен төртінші сатыда орналасқан.
Еске сала кетейік, 28 қаңтар күні Лондонда дәл осы «Эмирейтс» стадионында алматылық «Қайрат» «Арсеналмен» ойнайды.