Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан төрт адам қаза тапты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Два человека погибли в ДТП на трассе в Жамбылской области
фото: ашық дереккөзден

Астана – Петропавл автожолында Toyota Camry және Shacman көліктері соқтығысып, жол апаты болды. Салдарынан төрт адам қайтыс болды деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Рөлде отырған жеңіл көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry көлігі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан», – деп атап өтті полициядағылар.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

6 қаңтар күні таңертең Алматы маңындағы тас жолда да жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, Үндістан студенттері қаза тапты.

Ал өткен жыл соңында Павлодар облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз