Астанада қызметтік этиканы сақтамаған үш судья жауапқа тартылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Департамент басшысы мұны жақсы көрсеткіш деп атады/фото: shutterstock

Астанада 2025 жылы этикаға қайшы әрекет жасаған үш судья жауапқа тартылды. Бұл туралы Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов айтты.

Сөзінше, мұндай жағдайда судья этикасы жөніндегі комиссия тексеру жүргізіп, қорытынды шығарады. Егер фактілер расталса, жаза қолдану мәселесін қарау ұсынылады.

«Содан кейін мәселе Жоғары сот кеңесінің қарауына шығарылады. Соңғы шешімді алқалы құрам (жюри) қабылдайды. Әрине, судья бұл шешіммен келіспесе, шағымдануға құқылы. Бір жылда үш судья этикаға жат әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды», – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық судья Әсел Досаева мас болып және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген.

Сондай-ақ оқыңыз