Атырауда хабарсыз кеткен отбасының ісі: күдіктіге іздеу жарияланды
Жарияланды

Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. Он шақты күннен кейін ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіті үй аумағынан табылды.
Атырау облысы полициясының хабарлауынша, күдіктіге іздеу жарияланды.
«Күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, отбасының жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанда түскен.