Бүгін Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестінің қорытындысы жарияланады

8 қаңтарда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг-тест нәтижелері белгілі болады. Бұл нәтиже боксшының кәсіби мансабына тікелей әсер етеді. Жаңалық қоғамда кең резонанс тудырып, желіде спортшының мүмкін болатын санкциялары, беделіне әсері және шаршы алаңға оралу мүмкіндіктер талқыланып жатыр.
Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы Қазақстанның ең танымал боксшыларының бірі. Кәсіби бокста да табысты өнер көрсетіп, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін жеңіп алған. Дивизиондағы көшбасшылардың бірі ретінде танылған.
Мансабына қалай әсер ету мүмкін?
Допинг дауы желтоқсан айының басында басталды. 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жек Premier Boxing Champions аясында кейінге қалдырылды. Кейінірек ұйымдастырушылар кубалық спортшының қарсыласы ретінде колумбиялық Йохан Гонсалесті тағайындаған. Ресми шешім шықпағанымен, қоғамда Әлімханұлының мансабы аяқталуы мүмкін деген болжамдар айтылды. Осыған байланысты Қазақстанның туризм және спорт министрлігі спортшыға барлық рәсімдер аяқталғанша толық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков алдын ала қорытындылар жасауға асықпауды ескертті. Оның айтуынша, теріс нәтиже шыққан жағдайда іс жабылып, айыптар алынып тасталатынын, спортшының мәртебесі қалпына келтіріледі. Оң нәтиже шықса да, мансабын аяқтау міндетті емес, бірақ кәсіби бокстағы беделге кері әсері болады.
Қазақстан спортында мұндай жағдайлар болған. 2008 және 2012 жылғы Олимпиада допинг сынамаларын қайта тексеру кезінде халықаралық ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің анализінен тыйым салынған заттар табылған. Бұл Олимпиада медальдарын жоюға және оның мансабында уақытша үзіліс тудыруға себеп болды, бірақ мансабына соңғы нүкте қоймады. Ильин өзі спорттық тамақ немесе басқа дәрі-дәрмек пен витаминдер арқылы тыйым салынған заттар ағзадан табылу мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін, өзінің таза екенін мәлімдеп, сынама нәтижесін сабырлықпен күтетінін айтқан.