Lifestyle

Еркебұлан Тоқтар Бота Миамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді

фото: instagram

Актер әрі ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Бота Миа атымен танымал блогер Ақбота Нұрақынмен арадағы қарым-қатынасқа қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді. Әлеуметтік желідегі парақшасында видеолар жарнамалық түсірілім екенін мәлімдеді.

«Реклама түсіріп жүрміз, не болды сооонша», – деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Бұған дейін Еркебұлан блогер Ақбота Нұрақынға гүл сыйлап, күтіп жүрген сәттерін көрсеткен видеоларын жариялаған еді. Сол жазбалардан кейін желі қолданушылары екеуін жұп деп ойлап болжам жасаған.

Алайда жуырда жарияланған жаңа видеоларда Еркебұлан Тоқтар мен Бота Мианың бірге жаттығу жасап жатқаны, сондай-ақ кинода құшақтасып отырған кадрлары көрсетілді. Аталған бейнематериалдар «Ғашықпын саған» фильміне арналған жарнама екені белгілі болды.

Желі қолданушылары актердің бұл әрекетіне әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі бұны жарнама деп қабылдаса, енді бірі видеолардың тым шынайы көрінетінін алға тартып жатыр.