Мәжіліс вице-спикерінің жұбайы бір жылда 10 млн теңге табыс тапқан

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Альберт Рау / Фото: Ассамблея
Мәжіліс вице-спикерінің жұбайы бір жылда 10 млн теңге табыс тапқан / Фото: Қазақстан халықтарының Ассамблеясы

Парламент мәжілісінің вице-спикері Альберт Раудың жұбайы Светлана Рау 2024 жылы 10 804 608 теңге табыс тапқан. Бұл оның тек жариялауға жататын, яғни дербес салық салынатын табысы. Өзге табысы бар не жоғы туралы ақпарат жария етілмейді.

Фото: скрин Мәжіліс, kursiv.media

Айта кетейік, Светлана Раудың бұл қаражатты қалай тапқаны туралы нақты ақпарат жазылмаған. Ашық декеркөздерінде ол тек Альберт Раудың жұмбайы ретінде көрсетіледі. «Қазақстан инжиринг» Ұлттық компаниясының 2013 жылы жария болған аффилирленген тұлғалар тізімінде де ол тек Альберт Раудың жұбайы ретінде көрсетілген. Олардың бір қыз, бір ұлы бар.

Сондай-ақ, Мәжіліс сайтында палата төрағасы Ерлан Қошановтың жары Гүлжан Абауованың 2024 жылы 1 577 425 теңге тапқаны жазылған. Айта кетейік, бұл қаржы – оның жариялауға жататын, яғни дербес салық салынған табысы. Өзге табысы бар не жоғы туралы ақпарат жоқ.

Фото: скрин Мәжіліс, kursiv.media

Ал Гүлжан Абауова туралы мәлімет көбірек. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ол Экономика ғылымдарының докторы, тау-кен инженер-экономисі. Ғылыми-педагогикалық қызмет істеп, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде сабақ берген.

Мәжілісті басқарып отырған тағы бір депутат, яғни спикердің тағы бір орынбасары Дания Еспаева әзірге отбасының табысы туралы ақпаратты жария етпеген.

Айта кетейік, бұған дейін көптеген лауазымды тұлғалар мен жұбайларының табысы белгілі болғанын жазған едік. Олардың ішінде-вице-премьер Серік Жұманғарин, оның әйелі Сания Садықова 2024 жылы алынған дивидендтер мен сыйақыларды қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығына инвестициялаудан 88,6 млн теңге табыс тапқан.

Сонымен қатар, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев 14 млн теңгенің табысын декларациялады. Оның жұбайы Гүлнәр Досаева 2,3 млрд теңгенің табыс тапқан

Сондай-ақ оқыңыз