2025 жылы 900-ге жуық жемқор ұсталып, бюджетке 16 млрд теңге қайтарылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
2025 жылы мыңнан аса қылмыстық іс қозғалған / Фото: ЖИ арқылы жасалған, бильд-редактор Ахтам Зипероы

2025 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 900-ге жуық адам әшкереленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Бір жыл ішінде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 860-ы сотқа жіберілген. Тергеудің басым бөлігі пара алу мен бюджет қаржысын жымқыру фактілеріне қатысты болған.

Тергеу барысында мемлекетке 16,1 млрд теңге қайтарылып, күдіктілердің 3,3 млрд теңгеге бағаланған мүлкіне тыйым салынды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген 61 азаматқа 24,2 млн теңге көлемінде сыйақы төленген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр пара алу фактілерінің күрт өскенін хабарлаған. Бір ай ішінде 26 азамат пара алып, заңсыз ақшаны қалтаға басқан.

Сондай-ақ оқыңыз