
«Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы және бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин 2024 жылғы декларациясында ешқандай артық табыс көрсетпеген.
Ал оның жұбайы Дина Ауғанбаева-Мусина 2024 жылы 35 млн теңгеден астам табыс тапқаны декларацияда жазылған.
Мусин «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы қызметіне 2024 жылдың маусым айында келген. Оған дейін 3,5 жыл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған.
Министрлік сайттарында вице-министрлер мен жұбайларының 2024 жылы дербес салық салуға жататын кіріс декларациясы жариялана бастады. Бұл декларацияларда жеке тұлғалар өздері салық төлейтін табысы көрсетіледі. Ресми жалақыдан салық автоматты түрде ұсталынатындықтан, ол декларацияда жазылмайды.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықова 2024 жылы 88,7 млн теңге табыс тапқаны белгілі болды.
Ал Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың әйелі декларациясында 2,3 млрд теңге табыс тапқанын көрсеткен.