Жаңалықтар

Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиев ағартушылық жолға бет бұрды

Нурали Алиев
фото: sparkofsouls.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұралы Әлиев ағартушылық жолға бет бұрды. Kursiv LifeStyle Дариғa Назарбаеваның ұлы «адамзатқа көмектесуді» қалай көздеп жүргенін баяндайды.

Нұрали Әлиев Instagram парақшасында SPARK OF LIGHT («Өмір ұшқыны») атты жаңа бастама іске қосылғанын хабарлады. Жоба аясында өздерін ұстаз-тәлімгер дейтін серіктестері адамдардың «санасын арттыруға» бағытталған білім беру және рухани практикалар өткізбек.

Ұйымның ресми сайтындағы сипаттамаға сәйкес, бастаманың мақсаты адамдарға өзінің «шынайы болмысымен» қайта байланыс орнатуға және өмірлік жолын саналы түрде қалыптастыруға көмектесу.

«3D-санадан 5D-санасына өту деп сипатталатын жаһандық терең трансформация кезеңінде Нұрәлидің миссиясы адамдарға қолдау көрсету, жаңа деңгейдегі сананы қабылдауына көмектесетін трансформациялық тәжірибе беру», – деп жазылған SPARK OF LIGHT сайтында.

Нұрәли Әлиев бұған дейін де әлеуметтік желілерінде психологиялық «рухани өсу» мен «сананы кеңейту» тақырыптарында жазбалар жариялаған.

Нұрали Әлиев – қазақстандық кәсіпкер, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі. 2025 жылы Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 75 адамның ішінде 39-орынға тұрақтаған. Оның жұбайы Аида Әлиева да әлеуметтік желілерде түрлі рухани практикалар мен «ішкі трансформация» тақырыптарын жиі қозғайды.

Бұған дейін Нұрәли Әлиевтің Дубайда киіз үйлер арасында 41 жасын атап өткені туралы жазған едік.