Қазақстанда халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жылға жетті

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қазақстанда қабылданып жатқан денсаулық сақтау шаралары оң нәтиже бере бастады. Елдегі болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа жеткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Вице-министрдің сөзінше, елдегі жалпы өлім-жітім 2,6 пайызға, ал нәресте өлімі 18 пайызға төмендеген.

«Мәселен, халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жылды құрайды, өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуде. Жалпы өлім-жітім 2,6%-ға, нәресте өлімі 18%-ға қысқарды, ал Қазақстан халықаралық рейтингтердегі өз позициясын жақсарта отырып, адам дамуы индексінде жеті тармаққа көтерілді», – дейді Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп, олардың құқықтық қорғалуы күшейтілетіні жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз